"Қазақтар, мұсылман емессіңдер ме! Неден қорқып қалдыңдар?": Нұртас Адамбай қазақтарды Палестинадағы мұсылмандарды қорғауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтар, мұсылман емессіңдер ме! Неден қорқып қалдыңдар?": Нұртас Адамбай қазақтарды Палестинадағы мұсылмандарды қорғауға шақырды

"Қазақтар, мұсылман емессіңдер ме! Неден қорқып қалдыңдар?": Нұртас Адамбай қазақтарды Палестинадағы мұсылмандарды қорғауға шақырды

Продюсер Нұртас Адамбай қазақстандықтарды үнсіз отырғандары үшін кінәлап, Палестина халқын қорғауға шақырды.

  • 1 Қараша 2023
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Кеше ғана "Украинаны құтқарыңдар" деп айқайлап жүргендердің бәрі қазір қайда?

Бүгінде Палестинада күніне жүздеген адамды, мыңдаған балалар мен қарттарды өлтіріп жатыр.

Сіздер неге үнсіз отырсыздар?

Палестинадаға геноцидта бірнеше күнде өлген адамдар саны, осы уақытқа дейін Украинада соғыс кезінде өлген адамдардың санынан асып кетті. Сіздер қайдасыздар? Неге сіздер аяушылық сезімді бәріне бірдей білдірмейсіздер? 

Қазақтар, сендер мұсылман емессіңдер ме! Неден қорқып қалдыңдар? Қазір біздің бауырларымыз бен әпкелерімізді бүкіл әлемнің көз алдында өлтіріп жатыр. Сіздер үшін орденді кім алғаны шынында маңызды ма?

Маған "Біз не істей аламыз" деген пікірлер жазып жатыр. Укриандарға не істесеңдер, бұл жағдайда да соны істеңдер. Үндемей қалмаңдар. Жазыңдар! Басқыншы израильдіктердің әрекетіне қарсы екендеріңді білдіріңдер. Кезінде не істеу керегін білдіңдер ғой", — деп

жазды ол.

Еске сала кетейік, 75 жыл бойы шешімін таппай келе жатқан Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстың оты 7 қазанда қайта тұтанған болатын. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Газа аймағында қайтыс болғандар саны 8500-ден асса, Израильде қаза тапқандар саны 1400-ге жеткен. БҰҰ жариялаған ақпаратқа сенсек, қақтығыс басталғанан бері 3450 бала қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар