Алайда, жартылай финалдық жекпе-жектен соң өзбек көрермендері өзгеше пікір айта бастады. Олар тіпті "қазақтар төрешілерді сатып алды" дегенді айтуда. Жалпы кеше өзбекстандық екі боксшы қазақстандық боксышылардан жеңіліс тапты.
"Өзбек командасына не болды? Қазақтардан әдейі жеңілдіретіндей не күн туды?" "Қазақ әділ ойнап тұрған жоқ. Ал, ол үшін өзбекке ескерту бере береді" "Үш раундта да өзбек айқын жеңіп тұрды. Төрешілерді жазалау керек. Бұл — бокстағы масқара!" "Осылай күресті сатып алатын болған соң, әрине, Қазақстанда бокс дамымайды" деген пікірлер жазылуда.