Қазақтар спорттан ұлты үшін шеттетілуде – Ғалым Байтұқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтар спорттан ұлты үшін шеттетілуде – Ғалым Байтұқ

Қазақтар спорттан ұлты үшін шеттетілуде – Ғалым Байтұқ

Әлеуметтік желіде осындай мағынадағы көлемді жазба пайда болды.

  • 24 Сәуiр 2018
  • 673
Фото - Caravan.kz

Мұндай пікірді Қазақстан блогерлер Альянсының президенті Ғалым Байтұқ мырза жазыпты.

Қазақтардың намысына тиетін сөздердің айтылып, ұлтты қорлайтын түрлі оқиғалардың аракідік болып тұратыны жасырын емес. Олардың кейбірінің сотқа дейін жетіп жатқандары бар. Дегенмен тәуелсіз Қазақстанда қазақтардың спорттан да ұлты үшін шеттетіліп жатқаны рас па?

Сaravan.kz медиа-порталы осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Ғалым Байтұқ мырза, қазақтар кейде өздері шеттетілгендер рөлінде болады депті.

«Кеңес Одағы кезінде біз «кіші бауыр» болдық және қоғамдық орындарда ана тілімізде сөйлеуге болмайтын және пәтерді бірінші немесе соңғы қабаттардан алдық. Бұл туралы тіпті өткен аптада Елбасы «Рухани Жаңғыру» жобаларының таныстырылымы барысында да айтты. Бірақ, өкінішке қарай тәуелсіз Қазақстанда да қазақтарды шеттету оқиғалары бар. Жарайды, жұмысқа славян келбетті мамандарды алу туралы хабарландырулар бұрыннан айтылып жүр. Ал спортта қазақтарға қысым жасау мәселесі ашық көрініс беруде. Хоккей, футбол, биатлон және басқа да спорт түрлеріне көптеген талантты қазақ спортшыларына жол жабық»,- деп жазыпты Ғалым Байтұқ.

Бұған қоса Қазақстан блогерлер Альянсының президенті кезінде өзі де орыс хоккейін (бенди) ойнаған кезде маңызды жарыстардан шет қалып жүргенін айтқан. Содан болар қазір миымызға қазақтар физикалық тұрғыда өзге ұлттармен бәсекелесе алмайды және біздің спорт тек — күрес деген түсінік қалыпастырған, дейді ол.

«Маған спорттық ойын түрлері бойынша шеберлер командасына ене алмай жүрген көптеген қазақ балаларының ата-аналары хабарласады. Былай қарасаң көптеген қазақ балалары түрлі балалар командасында жаттығып жүр.Бірақ одан жоғары бара алмайды. Мысалы «Барыс» хоккей клубын алайық. Сорақы жағдай биатлонда болды.ШҚО- дан шыққан дарынды бала Диас Кеңесовті жұмсартып айтқанда ұлттық құрамадан шығарып жіберді»,- деп жазады Қазақстан блогерлер Альянсының президенті.

Ғалым Байтұқ мырзаның сөзін желіде қоштағандар көп. Бірқатары ұлттық құрамаларда көбіне шетелдік легионерлер екенін тілге тиек еткен. Легионерлерді командаға қабылдау үшін тез арада азаматтық беріп, көп ақша төлеп жатқанына қынжылғандар бар. Әсіресе оқырмандар велоспорттағы «Астана» командасындағы шетелдіктердің қомақты қаржы алып жатқанын жарыса жазуда.


Дегенмен Ғалым Байтұқ мырзаның пікірімен келіспейтін жандар да бар.

Мәселен, camonitor.kz порталында блогерлер Альянсы президентінің ойын теріске шығарған журналист Жеңіс Байғожаның мақаласы жарық көрді.

Онда Жеңіс Байғожа Ғалым мырза айтқан спорт түрлерінде қанша қазақ болғаны, қанша пайыз өзге ұлт өкілдері бары жайлы егжей-тегжейлі жазыпты.

«Қысқасы Байтұқ шынайы жағдайды бұрмалап отыр.Нәтижесінде ол қазақтардың ұлттық намысын тие отырып және өзін олардың қорғаушысы образында көрсете отырып, мүлдем қарама-қайшы нәтижеге қол жеткізді. Оның жазбасын оқыған адамдар қазақтар спортта (күрестен басқа) ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмауда деген әсер алады. Яғни ол жалған деректерге сүйене отырып еркінен тыс немесе қасақана өз қандастарының жетістіктерін кемітуде. Шын мәнінде олар ұлттық құрамаларда маңызды рөл ойнап, ірі халықаралық турнирлерде жүлде алып жүр», — деді Жеңіс Байғожа.

Бұған қоса тәуелсіздік алған алғашқы жылары еліміздің спорт басшылар негізінен күрес, бокс түрлеріне назар аударды.Кейіннен ауыр атлетика қосылды. Себебі осы спорт түрлері арқылы олимпиада ойындарында медаль алу жеңілірек екендігі айтылыпты.

«Айта кетер тағы бір жағдай, күреспен кез келген ауылда айналысуға болады. Ал үлкен залдар мен бассейндерді, өзге де бағасы қымбат құралдарды қажет ететін спорт түрлері тек қалаларда ғана бар. Онда да барлық қалада емес. Бұған дейін қазақтар көбіне ауылдарда тұрды. Бірақ қазір олар жедел түрде урбандалып, қалалыққа айналуда. Қазір қараңыз семсерлесу, жүзу, мәнерлеп сырғанау, спорттық гимнастикада, байдарка мен каноэ, шаңғы акробатикасы, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасында қаншама қазақ қыздары мен жігіттер жүр!»,- деп жауап берген Жеңіс Байғожа.

Соңғы жаңалықтар