«Қазақтарды бағынышты болуға үйретеді» - қазақ қызына үйленген америкалық - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтарды бағынышты болуға үйретеді» - қазақ қызына үйленген америкалық

«Қазақтарды бағынышты болуға үйретеді» - қазақ қызына үйленген америкалық

Америкалық Деннис Кин Қазақстанға 12 жыл бұрын келген.

  • 25 Сәуiр 2018
  • 184
Фото - Caravan.kz

Деннис Кинге әсіресе оңтүстік астана қатты ұнаған. Ол дәл осы жерде тұрады, экскрусия өткізеді, Алматы туралы сайтты жүргізеді. Бұған қоса ағылшын тілін үйретіп, қаланы зерттеумен айналысады.

Ол Лос-Анджелесте туып өскен. Төрт жыл бұрын Алматыға біржола көшіп келді. Өзінің ерекше оқиғасымен бөліскен Деннис Caravan.kz тілшісіне қазақстандық туризмді дамыту америкалық жігітке не үшін қажет болғанын айтты.

— Америкалықтар мен қазақстандықтардың мінез-құлқында қандай айырмашылықтар бар, ол қалай байқалады?

— Өзгешелік бар. Америкалықтар көбіне дербес болып келеді, ал қазақтар ұжымдық негізде өмір сүреді. Америкалықтарды билікке, беделділерге күмән келтіруге үйретеді. Ал бұл уақыта қазақтарды бағынышты болуға үйретеді.

Алматыда сізді не нәрсе көбірек таңқалдырады?

— Архитектурадағы кеңестер дәуірінен қалған белгілердің көптігі таң қалдырады. Бұған қоса осының барлығын жоғалтып алуымыз мүмкін екені алаңдатады. Ал көшедегі арықтардың дұрыс жұмыс істемейтіні жұмбақ болып қалды.


Алматының қандай жерлері шетелдіктерге көбірек ұнайды?

— Көк базар шығар. Себебі бұл жерде туристердің күткеніндей шығыс елінің қандай болатыны көрініс береді. Ол жердегі адамдар да кеңпейілді, көңілді. Шетелдіктер ерекше тамақтардан дәм татып көреді.Мысалы: құрт, қымыз. Мұның бәрі олар үшін өте қызық.

Қазақ тілін үйрену оңай ма? Қазақ тілін күнделікті өмірде қолданасыз ба?

— Кез келген тілді үйрену қиын.Мен әлі күнге дейін кейде аудармашының көмегін пайдаланамын. Қазақ тілінің граматикасы негізі орыс тіліне қарағанда оңайырақ.Бірақ тілді күнделікті өмірде қолдана бермеймін.

Сіздің әйеліңізді қазақ деп естідім, ол рас па?

— Иә. Біз Алматыдағы тіл орталығында бірге жұмыс істейміз. Ата-анасы бізді үнемі қолдап отырады.Қазақ халқы үшін дәстүр әр уақытта маңызды. Олар менің қазақ тілі мен дәстүрін білетінімді ұққан соң тынышталды.

Соңғы жаңалықтар