Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында сатып алынған құрал-жабдықтар Ақтөбеде орнатылады. Ә.Бектасов келісім-шартының құнын атаудан бас тартты. Оның айтуынша, «бұл құпия ақпарат болмақ». Сондай-ақ, компания президенті аталмыш жобаны қаржыландыруға арналған қаржыны «Қазақтелеком» «отандық банктердің бірінде ашылған несиелік желі арқылы бағыттамақ ниетте»,- деп атап көрсетті.