"Қазақтелеком" ААҚ мен "Сименс" АҚ арасындағы келісім-шартына қол қою еліміздің телекоммуникация саласын халықарлық нормаларға сәйкестендіруге жағдай жасайды
Бүгін, 4-желтоқсанда "Қазақтелеком" ААҚ мен "Сименс" АҚ арасында коммуникациялық жабдықтар мен монтаждау және құрастыру қызметтерін сату туралы жоба бойынша өзара келісім-шартына қол қою телекоммуникация саласы мамандарына бүкіл Қазақстан аумағы бойынша халықаралық нормаларға сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді ,- деп мәлімдеді KZ-today тілшісіне берген сұхбатында "Қазақтелеком" ААҚ-ның президенті Әбен Бектасов. |
Оның айтуынша, аталмыш жоба аясында сатып алынған құрал-жабдықтар Ақтөбеде орнатылады. Ә.Бектасов келісім-шартының құнын атаудан бас тартты. Оның айтуынша, "бұл құпия ақпарат болмақ". Сондай-ақ, компания президенті аталмыш жобаны қаржыландыруға арналған қаржыны "Қазақтелеком" "отандық банктердің бірінде ашылған несиелік желі арқылы бағыттамақ ниетте",- деп атап көрсетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін