"Қазақтелеком" халықаралық телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеуге көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтелеком" халықаралық телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеуге көшті

"Қазақтелеком" халықаралық телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеуге көшті

"Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация саласын ырықсыздандыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыру аясында халықаралық және аймақішілік телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеуге көшті. Бұл туралы "Қазақтелеком"АҚ-ның баспасөз қызметі 15-ақпанда таратқан баспасөз баянында айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Ақпан 2005
  • 496
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұған дейін халықаралық және аймақішілік телефон байланысының бағасын есептеуде уақыт толық бір минутқа дейін дөңгелектеліп келсе, ендігі жерде телефонмен хабарласуға кеткен уақыт 10 секундқа дейін есепке алынады.

«Қазақтелеком» мамандарының бағалауынша, телефон байланысының бағасын 10 секундпен есептеу жүйесіне көшу нәтижесінде тұтынушылар қалааралық байланыс бағасынан айына орта есеппен 15 процент ақша үнемдейді. Жалпы алғанда бір жылда «Қазақтелеком» абоненттері ел ішіндегі телефон байланысынан шамамен 2 млрд. теңге үнемдейді деп күтілуде.
Алдағы уақытта үкімет бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында АҚ халықаралық телефон байланысының бағасын 20 процентке арзандатуды көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта