"Қазақтелеком" және Microsoft ынтымақтастық туралы келісім бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтелеком" және Microsoft ынтымақтастық туралы келісім бекітті

"Қазақтелеком" және Microsoft ынтымақтастық туралы келісім бекітті

«Қазақтелеком» байланыс операторы Microsoft компаниясымен қазақстандықтарға интернет-сервис ретінде бағдарламалық қамсыздандыру қызметін ұсынуға қатысты меморандумға қол қойды, деп «Қазақтелеком» компаниясының IT жөніндегі бас директоры Марат Әбділдәбеков мәлімдеді.

  • 21 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

«Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде біз Microsoft SharePoint және Microsoft Exchange сынды шешімдерді іске қосамыз. Бұл технологияларды енгізу нәижесінде клиенттерімізге бизнес жүргізу, компания ішінде құжат айналымын ұйымдастыру және корпоративтік порталдар құру үшін ыңғайлы құрал ұсынуға мүмкіндік береді», — деп М.Әбділдәбеков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Осы қызметтердің негізгі пайдаланушылары шағын және орта бизнес өкілдері болмақ.
Бұдан былай клиенттерге серверлер, инфрақұрылым сатып алудың, олардың жұмысын қамтамасыз ететін әкімгер ұстаудың қажеті жоқ, дейді ол.
Жобаны жүзеге асыру үшін Microsoft инфрақұрылымы пайдаланатын болады.
Биылғы жылы компания осындай шамамен 10 сервисті іске қосуды жоспарлауда.

Соңғы жаңалықтар