"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясы мұнай причалдарын жаңалауға ашық байқау өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясы мұнай причалдарын жаңалауға ашық байқау өткізді

"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясы мұнай причалдарын жаңалауға ашық байқау өткізді

Ақтау теңіз айлағын жаңалау жоспарының екінші кезеңі аясында "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясы №4 және №5 мұнай причалдарының мұнай өткізгіштік қабілетін жылына 8-10 млн. тоннаға, ал құрғақ жүк өткізу қабілетін 1,5 млн. тоннаға жеткізу мақсатымен реконструкциялау жұмыстарына ашық байқау өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компаниядан хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 729
Фото - Caravan.kz

«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясы Ақтау теңіз айлағынан Махачкала, Батуми және Иранның Нека айлағы бағытында мұнай тасымалдайды. Компания мұнай тасымалдау мақсатымен Ақтау теңіз айлағында №4 және №9 причалдарды күрделі жөндеуден өткізу және жабдықтарын жаңалау шартымен ұзақ мерзімге жалға алған.

Жыл сайын Махачкалаға 2,5 млн. тонна мұнай, Баку-Батуми транзиттік дәлізі арқылы 1,8 млн. тонна мұнай тасымалданады. Қазіргі жағдаймен бұл бағыттарда Каспий маңындағы республикалардан жалға алған 25 кеме ары-бері қатынауда.
Мұнай жөнелтушілер арасында «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ, «Қаражанбасмұнайгаз» ААҚ, «Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Мұнайимпекс» ЖАҚ, «Тексако Норс Бузачи Инк», «Теңізшевройл» ЖШС бар.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясының директорлар кеңесі Қазақстан мұнайын Қара теңіз айлағынан танкермен тасымалдау үшін Новороссийскдегі «Новошип» пароход шаруашылығымен бірлесе отырып 50х50 үлеспен «Ойл Стрим Шипинг» атты Бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылдаған.
Бірлескен кәсіпорын бірінші кезекте Қазақстан мұнайы мен басқа да өндірушілердің мұнайы мен басқа да мұнай өнімдерін Қара теңіздегі Новоросийск айлағынан КТК жобасы аясында дүниежүзілік рынокқа тасымалдаумен айналысады.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясының бас директоры Қайрат Қырымовтың айтуынша, бұл жоба бойынша, Қазақстан жағы Қара теңіздегі Новороссийск, Одесса, Феодосия және Батуми айлақтарына кепілді жүк көлемін жеткізіп тұруға міндеттеме жүктейді.
Ал өз кезегінде Новороссийск пароход шаруашылығы Бірлескен кәсіпорынды Қазақстан жүктерін тасымалдауға арналған кемелермен қамтамасыз етуге тиіс.
Ақтау теңіз айлағында жүк көтерімділігі жоғары танкерлерді қабылдау үшін причал қабырғалары нығайтылып, кемелер швартовка жасайтын аймақта теңіздің табанын тереңдету жұмыстары жүзеге асырылып, энергия көзімен қамтамасыз ету және өрт сөндіру жүйелері жаңартылады.

Соңғы жаңалықтар