Қазақтеңізкөлікфлоты үш бірдей алаң-баржа салу туралы Ресей зауытымен келісім-шартына қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтеңізкөлікфлоты үш бірдей алаң-баржа салу туралы Ресей зауытымен келісім-шартына  қол қойды

Қазақтеңізкөлікфлоты үш бірдей алаң-баржа салу туралы Ресей зауытымен келісім-шартына қол қойды

"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық кеме қатынасы компаниясы Солтүстік Каспийде жүк тасымалдау үшін 6 млн. долларға үш бірдей алаң-баржа салу туралы Ресейдің "А.Горький атындағы Зеленодол зауыты"ААҚ-мен келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Наурыз 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz

Жүк көтерімділігі 3600 тонна, суығыстырғыштық қабілеті 4245 тоннаны құрайтын баржалар түрлі мақсаттағы құрғақ және сусымалы өнімдерді саяз зонада тасымалдай алады. Жүк толық тиелген жағдайда баржалар 3,5 метрге шөгеді. Бұл — баржаларды Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі мұнай-газды блоктарды игеру үшін жүк тасымалында пайдалануға мүмкіндік береді.

Алаң-баржаларды салу теңіздегі операцияларды қолдау үшін флот құру жобасының аясында 2005-жылы жүзеге асыруға межеленген. Сонымен бірге үш магистралдық буксир, екі танкер-бункер, екі трюмды баржа және рейдтік катер сатып алу көзделіп отыр.
Ал 2003-2004-жылдары аталмыш мақсатта «КМТФ-1» теңіз буксирі сатып алынып, «КМГ-101» және «КМГ-102» баржа-алаңдары салынды. Олар Каспий қайраңында мұнайгаз кеніштерін игеру операцияларын жүзеге аыру үшін жасанды аралдар тұрғызуға арналған жүктерді тасу ісінде қолданылуда.

Перейти к новостям спорта