Қазақтеңізкөлікфлотының орталық кеңсесі Алматыдан Ақтауға көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтеңізкөлікфлотының орталық кеңсесі Алматыдан Ақтауға көшірілді

Қазақтеңізкөлікфлотының орталық кеңсесі Алматыдан Ақтауға көшірілді

"Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясының орталық кеңсесі Алматыдан Ақтауға көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Бас кеңсені көшіру оның операцияларды тікелей жүзеге асыратын қызмет орны мен өндірістік нысандарға таяу жерде орналасу қажеттігіне байланысты»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ұлттық компанияның қызметкерлерін әлеуметтік қорғау үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» 35 пәтерлі тұрғын үй салдырып, қоныс аударған қызметкерлер сонда орын тепті.
Қоныс аударумен бірге компанияның «Ақтау халықаралық теңіз сауда флоты» РМК-нан жалға алған төртінші және бесінші мұнай причалдарын жаңалап жөндеуге бағытталған негізгі жұмыстар да аяқталды.
Причалдарды жөндеу жұмысы 2004-жылы қолға алынған. Осы уақыт ішінде бұрынғы пирстің ескірген конструкциялары бұзылып, жаңасының құрылысы басталды.
Причалдарды жаңалау және жөндеу жұмыстарына 800 млн. теңге жұмсалды. Ресконструкциялау жұмыстары толық аяқталғаннан кейін причалдар дедвейті 12 мың тоннаға дейінгі, шөгу тереңдігі 7 мың метрлік кемелерді қабылдай алады.

Перейти к новостям спорта