Қазақтілді контенттің белсенділігі артуда- kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтілді контенттің белсенділігі артуда-

Қазақтілді контенттің белсенділігі артуда-

Соңғы жылдары қазақтілді контенттің белсенділігі артты. Бұл туралы бүгін Алматыда «Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының өкілі Асхат Еркімбай айтты.

  • 29 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, белсенділік бірнеше факторлармен байланысты. «Биылғы жылы наурызда өткен қазақ блогшыларының құрылтайы блог саласына қызығушылықты арттырды. Сол шара өтісімен, блогшылар көп тіркеле бастады. Жыл басынан бері 500-ге дейін қазақ тілді блог тіркелді. Екіншіден, қазақтілді саяси тұлғалар, депутаттар әлеуметтік медианы белсене қолдана бастады. Нәтижесінде, олар саяси белсенділігін көрсете бастады, бұған дейін бейсаяси болған, не бейсаяси деп танылған қазақ тілді аудитория қазір депутаттық сауалға үн қатып, заңға байланысты өз пікірлерін, ұсыныстарын айта бастады. Бүгінде ресми мәлімет бойынша, қазақ тілінде интернет қолданушылардың саны 5 миллионға жетіп отыр. Соңғы санақ бойынша, 7,5 миллионнан аса адам қазақша оқып, түсінеді екен, ол бірте-бірте қазақша контентке зәру, мұқтаж адамдардың санының көбеюіне және оған деген сұраныстың арта түсуіне ықпал етеді деп ойлаймын. Үшіншіден, қазақтілді контенттің дамуына ықпал еткен Википедия жобасы. Қазір осы жобаның арқасында қазақ тілді мәліметтер 38 мыңға шықты. Не дегенмен, бізді биылғы жылы қазақша конттентті дамытуға деген серпілістің болғандығы қуантты»,-деді Асхат Еркімбай.

Оның пікірінше, интернетте реттеу болуы керек. «Ондай реттеу болмаса хаос болады, бірақ реттеу бақылауға, бақылаудың соңы күштеуге, не себепсіз жабуға әкелмеуі тиіс», -дейді Асхат Еркімбай.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде fasebooke-ті қолдаушылардың саны 3000-ға жетіп қалған. Орталық Азия елдерінде Қазақстан fasebooke әлеуметтік желісін көп тұтынатын ел болып отыр.

Соңғы жаңалықтар