Қазақтсан президенті әлемге атағы әйгілі "Эсте Лаудер" концернінің төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтсан президенті әлемге атағы әйгілі "Эсте Лаудер" концернінің төрағасын қабылдады

Қазақтсан президенті әлемге атағы әйгілі "Эсте Лаудер" концернінің төрағасын қабылдады

Бүгін, 20-маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әсемдік-әрлік бұйымдар өндірумен дүниежүзіне танымал "Эсте Лаудер" концернінің төрағасы Рональд Лаудерді қабылдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 20 Маусым 2003
  • 839
Фото - Caravan.kz

«Өз басым Қазақстанға осымен екінші мәрте келіп отырмын, осы елде жүзеге асыруға жоспарлаған бірнеше жобамыз бар. Бірақ президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде біз негізінен Қазақстан туралы әңгіме қозғадық»,- деді кәсіпкер Елбасымен кездесуден кейін. Р.Лаудердің айтуынша, Қазақстан — дәстүрге бай ел. Алайда дүниежүзінде Қазақстанды көбінесе мұнай және газға байланысты ғана жақсы біледі. Дейтұрғанмен, таңғажайып мәдениеті бар Қазақстанда жақсы бизнес те жасауға болады»,-деді қонақ. Осы орайда «Қазақстандық әйелдердің мақтауын жеткізіп, сұлулығына тамсанған» американдық бизнесмен оларға өздері өндіретін әсемдік-әрлік бұйымдардың қажеттігі туралы сауал тастады.

Бүгінде «Эсте Лаудер» концерні әлемдік косметика рыногінің 46 процентін иемденеді. Батыстық беделді басылымдардың бағалауынша, Р.Лаудердің билігіндегі жалпы капитал көлемі бүгінде 7 млрд-тан астам долларды құрайды екен.
Сондай-ақ, Р.Лаудер коммуникациялық RSL компаниясымен бірге дүниежүзіндегі ірі еврейлер қорын басқарады.

Соңғы жаңалықтар