Қазақтың әйгілі билеушілері 3d форматта - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың әйгілі билеушілері 3d форматта

Қазақтың әйгілі билеушілері 3d форматта

Қазақтың әйгілі билеушілері 3d форматта! Астаналық шеберлер қазақ хандарының голографиялық суреттерін салып шықты.

  • 29 Қазан 2015
  • 447
Фото - Caravan.kz

Мұнда мемлекет іргесін салушы Керей мен Жәнібектен бастап әр жылдары билік құрған 21 ханның суреті қойылған. Жоба авторы тау тұлғалардың бейнесін барынша шынайы бет әлпетіне ұқсатып жасағанын айтады. Алда тағы 20 ханның түр-тұлғасын сомдау жоспарда бар. Енді тарихи бағалы портреттер Елорда мұражайларының біріне қойылады. Кейін, ЭКСПО-2017 көрмесінде де шет елдік меймандардың назарына ұсынылмақшы.

Сембіғали Смағұлов, жоба жетекшісі:

-Қазақ бейнелеу өнеріндегі тұңғыш бір оқиға десек болады. Және де биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына біздің өнеріміз жаңа технологияларды пайдаланып, жаңа үрдістерге көтеріліп жатқан жайымыз бар. Бұл мақтанарлық жағдай.

Соңғы жаңалықтар