“Қазақтың байығанын көре алмайтын салдақы, деді” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақтың байығанын көре алмайтын салдақы, деді” - Айгүл Орынбек

“Қазақтың байығанын көре алмайтын салдақы, деді” - Айгүл Орынбек

Қазақтарды Түріктердің алдына апарып қайыршы қылып, қол жайғызып қойған коучтардың нәтижесі міне осы!

  • 19 Қазан 2021
  • 1638
Фото - Caravan.kz

Аңқау халықты «әп-сәтте аста-төк байлыққа кенелтемін» деп қолындағы жиған-терген қаржысынан айырып, несиеге ұрындырып жатқан данышпан коуч, жалған психолог секілді пысықайлар енді жұртты ашықтан-ашық алдауға көшкен.
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Инстаграм парақшасында осындай пысықайлардың бірінің қаншама адамды Стамбулға алдап апарып, лақтырып кеткенін айтты.

Абайлаңдар дегенім үшін қанша қарғап сілегендер, соңында заңды көмек бермегенім үшін сөгіп шықты!

Жалпы кейбір адамдарға абайлаңдар, бірінші дұрыстап зерттеп алыңдар деп ескертсең басың бәлеге қалады!

“Ломбард24, , “Индиго”, “Аманат хоум” сенімсіз қомпаниялар, яғни алаяқтар деп айтқанымда бәрі жан-жақтан қарғап сілеген еді.
Көбінесе инстаграмда тікелей эфирге шығып ескертіп отыратынмын!
Бір күні көп балалы бір әйелден мынандай хат келіпт: “Қазақтың байығанын көре алмайтын салдақы, сен сияқтылар билікте отырып халықты байытқысы келмейді”, — деп!
Құрысын өздерінен көрсін бастарына тимей бұлар тоқтамайды деп үндемей қоя салдым
. Бүкіл ағысқа жалғыз өзің қарсы жүзуің мүмкін емес! Тек өз жақын таныстарымды алдын ала сақтап қалдым.
Ол кезде “Ломбард24” тің жарнамасы қатты жүріп жатқан. Әншілер мен актерлер , ел алдында сауық сайран құрып жүргендердің біразы соңында жәй кешіріммен құтылып кетті
. З
ар жылап қалған қарапайым халық!
Бүгінде “Миллионер болуға шақырып жатқандарға” үндемей отырсам болар еді өзіме жау жинамай!
Мүгедек апайдың “ақшамды қайтарыңдар көмір алайын “, деген даусы құлағымнан кетер емес!
Тағы да қолыма қалам алып жазып, дабыл қағуыма тура келіп тұр
!

“ Айгүл сіздердің байығандарыңызды, сіздердің миллионер болғандарыңызды көре алмайды деп шығатын шығар ендігі сабақтарында.
Бай болыңыздар, бар болыңыздар!
Маған халықтың жыламағаны керек, әрбір істі бастар кезде жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіздер!
Бизнес бастамас бұрын іштегі нарықты зерттеңіздер!
Сіздерден бұрын бастаған адамдар да бар екенін ескеріңіздер!
Коучтар мен “психологтар” өз сабақтарында
бумеранг жайлы көп айтады. Сол коуч, “психтарға” мен де ақыл айтайын мүгедектерді, шарасыз адамдарды жылатқандарың үшін құдай осы өмірде жазасын береді!”,-деп жазды.

Желі қолданушылары: "Айгүл халық сізді тыңдаса біраз жаман нәрседен сақтанар еді", "Сіз сияқты жаны ашитын адамдар керек бізге","Сізді жақсы көреміз","Шынайысыз, халыққа жаныңыз ашиды","Сіздей 5-6 адам болса Қазақ елі жайқалып кетер еді",-деп пікір қалдырды.

https://www.instagram.com/p/CVKlxrWgTtn/?utm_medium=copy_link

Соңғы жаңалықтар