Осыған қатысты блогер Жан Ахмадиев те Caravan.kz тілшісіне пікір білдірді.
Жан Ахмадиев осындай жағдайдың орын алуына жол берген билікті кінәлап отыр.
"Бұған осы уақытқа дейін бұл нақұрыстың сазайын тарттырмаған біздің Сыртқы істер министрі кінәлі. Қазақтың басына қазіргі таңда кім көрінген тышып, құсып жатыр. Ресейліктер қаптап кетті. Күні кеше "Инстасамка" дегендер де шығыпты. Оны да көрдік. Енді мына Саша Барон. Қазақ ұлтына қарсы қылмыс жасап отырғанын біле тұра ештеңе қолданып отырғанымыз жоқ.
Мен бұл сұрақты ең алдымен Сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Роман Юрьевичке қояр едім. Негізі осы орынға қазақ азаматын қойса, мұндай жағдайлар бәлкім болмас та еді. Себебі, қазақ ұлты қазақтан басқа ешкімге керек емес.
Жүрген бір актер ғой. Соның аузын жабу қиын ба? Соның аузына кептеу болатын біреудің табылмағаны өкінішті. Бұрын Дикий Арман осы мәселені көтеріп еді. Дикий Арманың қазір "Домашний Арман" болып кетті ғой енді.
Қайткенде де мұның алдын алу керек деп ойлаймын. Өйткені, кім көрінген басына береді. Күнде бір жаңалық естейміз. Әбден шаршадық.
Қазақ деген атымыз бар. Кезінде Мағжан Жұмабаев "Мен жастарға сенемін" деп еді. Алаштың арландары қазіргі біздің заманымызды көрсе шошып кетер еді.
Мұндай дүниелермен күресіп жатқан ешкім жоқ. Биліктің түрін білесіздер, ақша жегеннен басқа түк те ойламайды", — деді блогер.