Жарияланды: 540

Қазақтың бойз-бэнд тобы «Орда» жеке концертін өткізеді

Көрген де арманда, көрмеген де арманда! Ертең қазақтың бойз-бэнд тобы «Орда» - Республика сарайында ірі шоуға негізделген жеке ән кешін өткізеді. Қазір жігіттер соңғы вокалдық дайындықтарын пысықтап, декорация жағын жөнге келтіруде. Концерт фонограммасыз, тек жанды дауыста орындалмақ. Әрине, биі де қатар жүргізілген. Отандық шоу-бизнесте 13 жылдан бері жарқыраған топтың бұл осымен екінші жеке концерті. 

«Кеш мені» - бұл «Орда» тобының алғаш атын шығарған ән. Мұнда жігіттер тек әншілік қырымен ғана емес, сондай-ақ бишілік өнерімен де танылған еді.

Содан бері арада 13 жылға жуық уақыт өтті. Жарқ еткен топ, әлі сол күйі жарығын өшірмей келеді. Керісінше кәсіби өрлей түскендей. Жай топтан продакшнға айналды қазір. Ұжымның кино түсіріп жатқан жайы бар.

Ал әндерін шетінен шығысымен хит дерсің. «Қилы заман», «Белгісіз жан», «Ақ кеме», енді оған «үздік» болып қосылған «Ғашықсың ба?» әні тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, «Орда» отандық шоу-бизнесті бағындырды. Ертең сәтін салса, топ жеке концертімен жұрт алдына шықпақ. Қазір соңғы дайындық жағы пысықталуда. 

- Қазір қобалжу үстіндеміз. Бірақ дайындалып жатырмыз, ештеңеге қарамастан. Жүректе жатқан бір өзіміздің жұмысымызды көрсеткіміз келді. Ерекшелігіміз, «Орда» тобы онсыз да ерекше ғой. Концертіміз де сол сияқты болатын тәрізді.

Себебі сахналанар әннің дені су жаңа, ескісінің өзі ремейкке салынып айтылмақ. Бірақ ең бастысы - фонограмма жоқ. Бәрі жанды дауыс.  

Рүстем Оразбеков, «Орда» тобының мүшесі:

- Бұл «Орда» тобының 2-ші қойып отырған концерті. Алғашқысы 2009 өтті. Өздеріңіз білесіздер, республика сарайында 2,5 мың орын бар. Қазір соның 60-70 пайыз билеті өтті. Енді екі күнде барлығы өтетін шығар деп ойлаймыз.

Сонымен, «ордалықтар» ертең Республика сарайында барлық тыңдармандарын құшақ жая қарсы алады.

- Ертең біз сіздерді кешімізде күтеміз. «Орда» тобымен айтылған!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін