Қазақтың даңқты ұшқышы Талғат Бигелдиновтың ескерткіші талқандалды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың даңқты ұшқышы Талғат Бигелдиновтың ескерткіші талқандалды

Қазақтың даңқты ұшқышы Талғат Бигелдиновтың ескерткіші талқандалды

Қазақтың даңқты ұшқышы Талғат Бигелдиновке Бішкек қаласында орнатылған монументтің қола тақтайшасы ұрланды. Бұл вандализм дерегі туралы дүйім жұртқа ғаламтор пайдаланушыларының арқасында бүгін ғана белгілі болды.

  • 1 Қараша 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz


Сөйтсе, тау тұлғаның аты-жөні мен жетістіктері жазылған маңдайшаның ғайып болғанына бір аптадан асыпты. Қырғыздың тәртіп сақшылары қазір тергеу жүргізіп жатыр. Екі рет Кеңес одағының батыры атанған Талғат Бигелдиновке Бішкекте көзінің тірісінде ескерткіш орнатылуы бекер емес. Қазіргі Ақмола облысының Майбалақ ауылында дүниеге келген азаматтың аталары ашаршылық жылдары Қордай асып, қырғыз жеріне қоныстаныпты. Талғат Бигелдинов осы Бішкектегі ұшқыштар даярлайтын мектепте білім алып, кейін Ресейдің маңдайалды институттарында оқуын жалғастырған. Ал 1942 жылы майданға жіберіледі. Ерен ерлік жасап, аты аңызға айналған майдангердің жасы қазір 90-нан асты. 

Соңғы жаңалықтар