Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері — әлемдік өркениетке айтарлықтай үлес қосқан қазақ халқының дәстүрлі музыкасын, соның ішінде әні мен жырын, күйі мен сазын, эпосын жан-жақты насихаттау; қазақ халқының дауыстық және аспаптық шығармашылығының өркендеуіне жағдай жасау арқылы дәстүрлі музыканың барлық, әсіресе сирек ұшырасатын аспаптарда орындалатын жанрларды жаңғырту, даму қарқынын жеделдету; қазақ халқына тән шекті аспаптар, ысқы аспаптар, үрмелі аспаптар және ән, жыр, терме, нақыл, насихат өлең, дастан, эпос орындаушылардың халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызу; дәстүрлі музыкаға, музыкалық фольклорға жүйелі түрде қамқорлық жасау ісінің жандана түсуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету.
Фестиваль күй және ән өнері бағыттары бойынша өтеді.
Фестиваль 2012 жылдың үшінші тоқсанында Астана қаласында өтеді. Оған Қазақстаннан өзге Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай және т.б. елдердің дәстүрлі орындаушылары қатысады деп күтілуде.
«Ұлы дала сазы» дәстүрлі орындаушылардың халықаралық фестиваліне қатысушылардың өтініштері байқаудың басталуына 25 күн қалғанға дейін мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 8 үй, «Олимп Палас» т/к, КЖ-18, 8 кіреберіс, блок «L», E-mail: info@ruhdk.kz, тел: 8(7172)54-64-77 , Web: http://ruhdk.kz.