«Олардың алғашқысының тұсаукесері қазанның 20, 23 күндері өтеді. Орыс классигі Н.Гогольдің «Үйлену» деп аталатын мұңды комедиясын Мәскеудегі үлкен театрдың режиссері Владимир Захаров қойғалы отыр. Бұл теавтрдың соңғы уақыттағы үлкен ізденістерінің нәтижесінде шыққан шығарма деп ойлаймын», — дейді театрдың директоры және көркемдік жетекші Есмұхан Обаев. Жалпы «Үйлену» комедиясы бұл тетрдың сахнасында алғаш рет Нұрмұхан Жантөриннің режиссерлігімен 1961 жылы қойылған болатын. ҚР Халық артисінің айтуынша, жыл соңына дейін Еркін Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба» мұзыкалық комедиясы мен Мұхтар Әуезовтың «Еңлік -Кебек» трагедиясының да премьералары болады. Хұсейін Әмір-Темірдің режиссерлігімен қайта сахналанып отырған М.Әуезовтың бұл туындысы аталмыш театр сахнасында қойылмағанына қазір 10 жылға жуықтап қалған болатын. Жаңа жылдан кейін театр сахнасында драмматургтер байқауында бас жүлде алған Дулат Исабаевтың «Балуан Шолақ» қойылымының таныстырылымы болады. Сондай-ақ ҚР Еңбек сңірген қайраткері, режиссер Әубәкір Рахимов 60 жасқа толуына арналған бенефисінде авторлық «Қанішерлікке күәлік» драмасын сахналайтын болады.