«Қазақтың музыкалық фольклорының энциклопедиясы» - Шопен тілінде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтың музыкалық фольклорының энциклопедиясы» - Шопен тілінде

«Қазақтың музыкалық фольклорының энциклопедиясы» - Шопен тілінде

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан бастамашы болып, БҰҰ тарапынан жарияланған мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы аясында Польшада Қазақстан елшілігінің қолдауымен Александр Затаевичтің авторлығымен «Қазақ халқының 1000 әні. Таңдамалы шығармалар» қазақ музыкалық шығармаларының бірегей топтамасы жарыққа шықты.

  • 8 Шiлде 2010
  • 525
Фото - Caravan.kz

Кітаптың атауы Қазақстанға кеңінен танымал. Өйткені, осы басылымның негізіне белгілі қазақстандық этнографтың аттас еңбегі алынып отыр, деп хабарлайды Варшавадағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Үш тілде (мемлекеттік, поляк және орыс) дайындалған топтамаға қазақтың дәстүрлі әнінің аса жарқын 70 шығармасы енді. Оның шығарылуы қазақстандық этнограф А.Затаевичтің шығармашылық қызметіне 90 жыл толуына, сонымен қатар биыл Польшада ғана емес, әлем бойынша да кең ауқымда тойланатын ұлы поляк композиторы Фредерик Шопеннің 200 жылдық мерейтойына арналып отыр. Бір айта кетерлігі, белсенді музыкалық-қоғамдық қайраткер А.Затаевич Варшавада жұмыс істеген уақыттарында Ф.Шопенге арнап ескерткіш орнату үшін біраз қаржы жинаумен айналысқан екен, сол қаржыға салынған ескерткіш қазіргі күні Польша астанасының бірегей нышандарының бірі болып отыр.

Дәстүрлі музыка — Қазақстанның мәдени мұрасының бай қазынасы, ал А.Затаевичтің еңбегі — көпғасырлық тарихы бар қазақ халқына қойылған ескерткіш іспеттес.