Қазақтың өрімдей талантты жазушысы Аягүл Мантай қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың өрімдей талантты жазушысы Аягүл Мантай қайтыс болды

Қазақтың өрімдей талантты жазушысы Аягүл Мантай қайтыс болды

Жазушы Аягүл Мантай мезгілсіз өмірден озды.

  • 29 Шiлде 2021
  • 3006
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Болашағы зор жазушының қазасы туралы Жібек Әшірхантегі былай деп жазды:

"Бір күнде қазақ әдебиет, өнер саласында екі Тұлға о дүниеге кетті. 

 "Жақсы адамның өлімі де өнеге" деп оның өмірде істеген жақсы істерін көпке үлгі етіп айтқан. Көз жұмар алдында айтқан өсиеттері мен ақылын көпшілікке жария қылып отырған. Жасаған қателігін кешіріп, дос-жаран, туысқандарын бірлікке шақырған. Бір сөзбен айтқанда адамдарға мағыналы өмір сүруді насихаттаған.

Ал енді фб-та бір-бірлеріңді өлімге итермелейтіндей сөз жазбас бұрын, бәріміздің де мәңгі мекеніміз сол жақта екенін біліңіздер.


Ая Мантай
сіңілімді соңғы кезде қатты күйзелісте жүргенін байқап едім, марқұмдардың жаның жәнаттан болсын!",- деп жазды ол.

Жас жазушы Аягүл Мантай – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы “Жалын” баспасынан “Жаңбырлы көктем” атты әңгімелер жинағы жарық көрген. Ол “Серпер” Жастар сыйлығының лауреаты, Баққожа Мұқаи атындағы әдеби байқаудың жүлдегері. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері.

Соңғы жаңалықтар