«Қазақтың Қажымұқаны» кітабы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтың Қажымұқаны» кітабы жарық көрді

«Қазақтың Қажымұқаны» кітабы жарық көрді

Еліміздегі әйгілі спорт саңлақтарын жұртшылыққа жан-жақты таныстырып, ұлықтау жұмысы әлі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда жазушы, журналист, қажымұқантанушы Ғазизбек Тәшімбайдың «Қазақтың Қажымұқаны» кітабы туралы дөңгелек үстел жиынында айтылды.

  • 10 Сәуiр 2013
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Грек-рим күресінен Әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ палуаны, Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы естеліктерді 1966 жылдан бері жинап келе жатырмын. Бұған дейін «Күш атасы» деген 2 жинақ жарық көрген болатын. Олар оқырманға тез тарап кетті де, жұрт оны қайдан аламыз деп жиі сұрай бастады. Сосын оларды толықтырып, кейінгі материалдарды қосып «Қазақтың Қажымұқанын» шығардым», дейді Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисті Ғазизбек Тәшімбай. Қаламгердің айтуынша, қазір оның қолында тағы 2-3 кітапқа татитын материалдар бар. Ғ.Тәшімбайұлы спортшылар туралы алғашқы жинағын «Топжарғандар» кітабынан бастаған болатын. Онда спорттың әр саласынан шыққан қазақтың тұңғыш қарлығаштары Әмин Тұяқов, Гүлшат Майлыбаева, Ғұсман Қосанов, Тимур Сегізбаев сияқты саңлақтар туралы жазылған еді. Одан кейін күш атасы Қажымұқанды зерттеуге біржола бет бұрған ол палуанды көзбен көріп, дәмдес болып, өнер жолында қатар жүрген Әбділда Тәжібаев, Шара Жиенұлова, Серке Қожамқұлов сияқты өнердің әр саласының өкілдерінен көп естеліктер жинады.

«Бізде кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар спорт саңлақтары көп. Олардың көбі әлі жеткілікті деңгейде насихатталып жатқан жоқ. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл іске ұйтқы болып, жүйелі жұмыстар жүргізсе бұл бағытта атқарылар жұмыс өте көп», — дейді бүгінде 75 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан қаламгер.

Перейти к новостям спорта