Қазақтың Төлегені - Құман Тастанбеков өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың Төлегені - Құман Тастанбеков өмірден озды

Қазақтың Төлегені - Құман Тастанбеков өмірден озды

«Қыз Жібек» фильмінде Төлеген рөлін сомдап, көпшіліктің жүрегіне жол тапқан, қазақ өнерінде өзіндік орны бар актер Құман Тастанбеков 72 жасында дүниеден өтті.

  • 17 Желтоқсан 2017
  • 1069
Фото - Caravan.kz

Белгілі режиссер Асхат Маемиров Instagram желісіндегі жеке парақшасында қайғылы хабарды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Беу, дүние-ай… «Қазақтың Төлегені» – Құман Тастанбеков ағамыз бүгін мезгілсіз дүниеден өтті. Қазақ өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Құман аға шын мәніндегі xалықтың ұлы, Алаштың айтулы азаматы еді. Сондықтан xалыққа қайғырып көңіл айтамыз. Ақ боз ат мінген, ақ сөйлеп, адал күлетін, ақиық Ағаның жүрегі тоқтады. Фильмде Қыз Жібек «Иең қайда, ақ боз ат?» – деп егілетін. Өмірде де ақ боз ат иесіз қалды. Мықты болыңыз, Меруерт апа! Көкірегіміз шерге толып отыр. Алайда Жаратқанның бұйрығына, жазмыштың ісіне не шара бар?! Қош бол, иманың жолдас болғай Құман аға! – деп жазды режиссер.