Қазақтың тұңғыш мультфильміне – 45 жыл! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың тұңғыш мультфильміне – 45 жыл!

Қазақтың тұңғыш мультфильміне – 45 жыл!

Қазақ анимациясына – 45 жыл! Осыған орай бүгін Алматы кинотеатрларында әйгілі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі көрсетілді. Айта кетсек, туынды 1967 жылы мультипликатор Әмен Қайдаровтың жетекшілігімен жарық көрген еді. Бірақ аниматордың өзі мультфильмнің бүгін көрсетіліміне келе алмады. Жасы 90-ға таяған қарттың денсаулығы сыр беріпті. 

  • 1 Қараша 2012
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» — бұл 1967 жылы түсірілген қазақтың тұңғыш мультфильмі. Мульт туындының өлмес белеске көтерілгені сонша, авторы — Әмен Қайдаровтың аты аңызға айналды.

Содан бері арада 45 жыл өтті. Анимациямыз қарыштап дамып кетті деу әсте қиын. Оны бүгінгінің мультипликаторлары да мойындайды.

Намазбеков, аниматор:

— Анимация — бұл өте қиын өнер. Сосын ұлтшылдық жолдарын табу да қиын. Әмен сияқты суретшілер өмірге бір-ақ рет қана келеді. Түсінетін, елді, дінді. Ондай нәрселерді сезетін адам да аз ғой.

Сүйікті мультфильм бүгінгі аниматорлар бас қосқан ортада тағы бір мәрте көрсетілді. Бірақ мультфильмнің авторы Әмен Қайдаров сырқатына байланысты қатыса алмады. Айта кетсек, қария ел арасында «қазақ анимациясының атасы» деген атқа да ие. Бұйырса, биыл тоқсанға толмақ. «Қарлығыштың құйрығы неге айыр?»-дан өзге құрметті мультипликатордың қолынан әйгілі «Ақсақ құлан», «Қырық өтірік», «Құйыршық», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қожанасырдың қызықтары» сынды оншақты үздік мультфильм шыққан еді.  


Ермек Аманшаев, «Қазақфильм» АҚ Бас директоры:

— Кез келген шығарманың құндылығы неде? Мысалы, 45 жыл бұрын көрген кездегі таңқалыс, көрдік қой бала кезімізде. Қазір көрсеңіз де сол таңқалыс. Яғни бұл шығарманың өміршеңдігін көрсетеді.

«Қазақфильм» бастаған отандық мамандар бұл саланы кенже қалдырмауға тырысып-ақ келеді. Бірақ шетелдік Спанч боб пен Джериді қуған Томның оқиғасы бәрібір балалар үшін қызық болып тұр.

Десе де аниматорлар: «Қазақ анимациясының көрсетері әлі алда», — деген сенімде. Бірер айдан кейін толық метражды «Ертөстік» ертегісі экранға жол тартқалы тұр. Сондай-ақ «Жаужүрек мың бала» фильмінің желісімен мульти туынды да әзірлік үстінде. Тек солардың бәрі алғашқы анимацияның жетістігін қайталай алса игіболғаны.

Соңғы жаңалықтар