Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы спектакль Кореяда қойылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы спектакль Кореяда қойылады

Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев туралы спектакль Кореяда қойылады

Қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабаев пен оның әйелі Злиха туралы спектакль Корея Республикасында өтетін халықаралық фестивальда көрсетіледі. Ол «Әйел махаббаты» деп аталады. Бұл туралы «Хабар» агенттігі хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 545
Фото - Caravan.kz


Пьесаны өз сахнасында  Қазақстандағы мемлекеттік корей театры қойды. Мағжан мен оның әйелінің арасындағы сүйіспеншілік жаппай қуғын-сүргін кезінде ақынға күш-қуат бергені туралы баяндайтын хикая шетел көрермендерінің көңілінен шығары сөзсіз.  

Қазақ әдебиетінің классигі, қазақ  жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, педагог, аудармашы Мағжан Жұмабаев қуғын-сүргін жылдары Карелияға жер аударылып, 1936 жылы М.Горькийдің араласуымен бостандыққа шыққанмен саяси себептермен 1938 жылы қайтадан ұсталып, атылған. Ақын есімі 1989 жылы ғана халқымызға қайта оралып, шығармалары жариялана бастады, оның еңбектерін зерттеу жөнінде ауқымды жұмыстар басталды. Ақын есімімен туған жері Солтүстік Қазақстан облысында аудан, республикамызда мектептер. уөшелер аталып, ескерткіші орнатылды.

Перейти к новостям спорта