Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы 76-шы концерттік маусымын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы 76-шы концерттік маусымын ашады

Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы 76-шы концерттік маусымын ашады

Қыркүйектің 8-і күні Алматыдағы Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы 76-шы маусымын фортепианолық музыка кешімен ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 7 Қыркүйек 2010
  • 750
Фото - Caravan.kz



Музыкалық кештің жеке орындаушысы халықаралық байқаулардың лауреаты Айжан Нүркенова. Бағдарламаға И.Бахтың №4 ағылшын сюитасы, Ф. Шуберттің Соль мажор соната фантазиясы, Н. Капустиннің №1 концерттік джаздық этюді және А.Нүркенованың «Туған жер» шығармасы еніп отыр. Жаңа маусымның ашылуына арналған бұл шара қыркүйектің 11-і күні Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартетінің камералық музыка кешіне ұласады. Ал жексенбіде ол фортепианалық музыка кешімен өз жалғасын табады. Квартет құрамында халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдар Тоқталиев (скрипка), Алексей Лебедев (скрипка), Гүлнар Тілеуқабылова (альт) бар. Онда Й. Гайдидің №2 квартеті, Д. Шостаковичтің №8 квартеті, А. Мейірбековтің шекті аспаптарға арналған ре-мажор квартеті орындалады. Ал жеке орындаушы, халықаралық байқаулардың дипломанты Жанар Сүлейменованың фортепианалық кешінде К. Дебюссидің «Эстампы», А.Дютийенің «Соната», А. Затаевичтің «Қосбасар», «Айнамкөз», «Балқадиша», «Жайық», «Құрышқан», Ғ.Жұбанованың Үш прелюдия, Т. Қажығалиевтің №3, №8 прелюдиялары және Н.Меңдіғалиевтің «Жайдарман», «Домбыра жайлы аңыз-поэмасы» орындалмақ.