Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы дүбірлі жарыста жалпы есепте екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Dodasport.kz.
60 келі салмақта Ернар Фидахметов финалға дейін жетіп, екінші орын алды. Бұл салмақтағы қос қола медаль Ернұр Фидахметов пен Асылбек Қосамановқа тиесілі.
66 келі салмақта Қаһарман Қисметов финалда жергілікті балуанға есе жіберді. 74 келіде Илимор Сатоев та финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек Алпамыс Дастанбек (50 кг), Олжас Сырлыбай (96 кг) және Антон Савенко (120 кг) жарыстың қола жүлдегерлері.
Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні Қазақстандық спортшылар тоғыз медаль иеленген болатын.