М.Жәкішевтің айтуынша, «Қазатомөнеркәсібі» ҰК бүгінге дейін несие түрінде $210 млн., болашақта уран сату жөніндегі келісім бойынша алдын-ала төлем ретінде $60 млн, компанияның өз қаржысы есебінен $224 млн. көлемінде қаржы тартты.
Қалған $166 млн. қаржыны компания еврооблигациялар шығару есебінен таппақшы.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанды уран өндіру көлемі бойынша дүниежүзінде бірінші орынға шығауға мүмкіндік береді. Ал қазір еліміз уран өндіру мөлшерімен әлемде үшінші орында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті