"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясында БН-350 реакторын қолданыстан шығаруға арналған 4 жобаның талқылауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясында БН-350 реакторын қолданыстан шығаруға арналған 4 жобаның талқылауы өтті

"Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясында БН-350 реакторын қолданыстан шығаруға арналған 4 жобаның талқылауы өтті

Кеңес жұмыс бабындағы басқосу түрінде болып, соңғы үш айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға арналады. Басқосуды өткізудің мақсаты бұған дейін келісілген жұмыс тапсырмалары мен ағымдағы жобалардың орындалу барысына егжей-тегжейлі талдау жасау, туындаған проблемаларды талқылау, жұмыстың орындалу кестесін саралау, оларды жетілдіру мен тиянақтау, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) ауқымында атқарылатын жаңа жобалар үшін тәуекелдерді бағалау. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Маусым 2005
  • 718
Фото - Caravan.kz

БН-350 реакторын қолданыстан шығару жұмыстары 1999 жылдан бері халықаралық сипат алған. Ол Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басқаруымен және осынау беделді ұйымның тәжірибелі сарапшыларының қатысуымен жүзеге асырылуда.

БН-350 жылдам реакторын қолданыстан шығаруға АҚШ қаржылай, техникалық және ұйымдастырушылық көмегін ұсынды.
1999 жылдың желтоқсан айында АҚШ энергетика министрлігі мен ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі Ақтау қаласындағы БН-350 реакторының жұмысын қауіпсіз тоқтату жөніндегі бағдарламаны біріге орындау туралы Келісімге қол қойған болатын. Сол Келісімге сәйкес АҚШ энергетика министрлігі БН-350 реакторын қолданыстан шығаруға қаржылай және техникалық қолдау көрсетуді өз міндетіне алған еді.
Жоғарыда аталған Келісім негізінде Қазақстанның Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы мен АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті арасындағы келісімге қол жеткізілді. Келісім аясында АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қарусыздану қорының NDF 146 жобасы, кейінірек NDF 177 атты тағы бір жоба іске қосылды.
2001 жылы қол қойылған келісім мерзімі 2003 жылы қайта қаралып, 2006 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды.
Бағдарламаға АҚШ тарапынан Аргон ұлттық зертханасы (қазіргі таңда қайта құрылған Айдахо ұлттық зертханасы) , Қазақстан жағынан: ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жанындағы Атом энергетикасы жөніндегі комитет, МАЭК РМК (қазіргі «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС), Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі жөніндегі ғылыми-техникалық орталығы, Ұлттық ядролық орталық, «КАТЭП» АҚ қатысуда.
Қазіргі таңда жоба бойынша натрийді дренаждау, сондай-ақ натрийді қайта өңдеу қондырғыларын жобалау жұмыстары аяқталып, ғимараттың құрылысы, негізгі қондырғыларды дайындау және қосалқы қондырғыларды сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
2003 жылы жобаға Ұлыбритания да қосылды. Ұлыбританияның көмегі Сауда және индустрия министрлігі арқылы көрсетілуде. Бүгінде RWE NUKEM компаниясының мамандары қазақстандық мамандарды жобаны басқару тәсілдеріне, тәуекелді бағалау шараларына оқытып, радиоактивті қалдықтарды жою технологиясы бойынша бай тәжірибелерімен бөлісуде. Британдық мамандар сондай-ақ, металдық натрийді қайта өңдеу тәжірибелерін қазақстандық әріптестеріне үйретуде.
Бұл жолғы кеңесте мынадай төрт жоба бойынша жұмыстың жайы қаралады:
Радиоактивті сілтіні геоцементті тасқа айналдырудың тәжірибелік-өнеркәсіптік технологиясын дайындау және оны жүзеге асыратын қондырғылар жобасы.
Радиоактивті сілтіні қайта өңдеу үшін балама технология жобасы.
Цезийлі қақпандар бойынша жоба аясындағы жұмыстарды жалғастыру.
БН-350 реакторы контурларындағы натрий қалдықтарын жою жобасы.

Перейти к новостям спорта