«Қазатомөнеркәсіп» төрағасы В.Школьник Қазақстанның ең үздік білім меценаты атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазатомөнеркәсіп» төрағасы В.Школьник Қазақстанның ең үздік білім меценаты атанды

«Қазатомөнеркәсіп» төрағасы В.Школьник Қазақстанның ең үздік білім меценаты атанды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник «Білім меценаты-2012» байқауында «Болашаққа үлес» аталымында үздік меценат атанды.

  • 27 Қазан 2012
  • 329
Фото - Caravan.kz

Ол басқаратын компания білім саласына соңғы үш жылда жалпы сомасы 30 млрд. теңге қаржы бөлген. Аталмыш қаражат Астана қаласында жаңа балалар сарайы, 3 мектеп, 5 балабақша, 5 спорт кешені мен стадион, 2 кітапхана салынып, сонымен қатар жалпы білім беру мектептерін жөндеуге, түлектерге арналған білім гранттарына жұмсалған. Енді оның есімі «Меценаттықтың алтын кітабына» мәңгі жазылды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Білім меценаттары-2012» білім саласы меценаттары марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жаны жайсаң кәсіпкерлердің әр қайсысына «алтын», «күміс», «қола» медальдар, сондай-ақ дипломдар мен құрмет ленталарын тапсырды. Жалпы соңғы үш жылдың ішінде меценаттар мен демеушілер білім ұйымдары мен мектептерге 40 млрд. теңгеден астам көмек көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар