Caravan Logo

«Қазавиақұтқару» мекемесінің қызметкерлер алдындағы қарызы 40 млн теңгеден асып жығылады

«Қазавиақұтқару» мекемесінің қызметкерлер алдындағы қарызы 40 млн теңгеден асып жығылады

Бас прокуратура баспасөз қызметінің бейсенбідегі ақпарына қарағанда, мекеме қызметкерлеріне биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында жалақы төлемеген. Жалпы қарыз 71 млн теңге.

Прокуратураның ескертуінен кейін компания қарыздың бір бөлігін өтеді. Яғни, жұмысшыларға наурыз айы үшін 27 млн теңгеден астам ақша төленді.