"Қазбат" бітімгершілік отрядының екінші тобы Ирактан Алматыға оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазбат" бітімгершілік отрядының екінші тобы Ирактан Алматыға оралды

"Қазбат" бітімгершілік отрядының екінші тобы Ирактан Алматыға оралды

Бөлімше командирі, подполковник Қайрат Смағұлов басқарған бітімгершілік мақсаттағы Қазбат инженерлік-саперлік бөлімшесінің Иракта қалған жауынгерлерінің екінші тобы Алматыға оралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Ақпан 2004
  • 629
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, «Қазбат» инженерлік-саперлік отряды 6 ай бойы Иракта бітімгершілік миссия атқарды. Қазақстандық бітімгер топтың басты мақсаты — жарылғыш заттар құрылған алаңдарды залалсыздандыру және ауыз су көздерін табу болып табылады. Ирактағы Қазақстан бітімгершілік тобында 27 адам бар. Топ жауынгерлерінің жартысы 30-қаңтарда Ирактан оралды.

ҚР қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, Иракта Қазақстандық бітімгершілер 1 млн. оқ-дәріні, соның ішінде жарты милионнан астам жарылмай қалған зымырандар, миналар мен бомбаларды жойды.
Жауынгерлерді әуежайда күтіп алған ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев бөлімше командирі Қ.Смағұловқа Алматыдағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Бүгін сондай-ақ, Қазбат бітімгершілік мақсаттағы инженерлік-саперлік бөлімшесінің жаңа құрамдағы тобы Иракқа аттанып кетті. Бөлімше бұдан былай майор Дәулет Кәртековтың басқаруымен міндетін өтейді.
Отряд құрамына бұрынғыдай 27 адам енді. Баспасөз қызметінің айтуынша, еріктілер арасындағы байқауда бір орынға 5-6 адам таласқан.
Топтың кураторы, ҚР инженерлік-саперлік әскерінің қолбасшысы Мүслім Дарбековтың айтуынша, жаңа топты жасақтауда бітімгершілердің Иракта игерген тәжірибесі пайдаланылды.

Соңғы жаңалықтар