"ҚазЭкоВатт" 2012 жылдың аяғына дейін Қазақстанның тұңғыш өндірістік күн электр станциясын қолданысқа енгізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазЭкоВатт" 2012 жылдың аяғына дейін Қазақстанның тұңғыш өндірістік күн электр станциясын қолданысқа енгізеді

"ҚазЭкоВатт" 2012 жылдың аяғына дейін Қазақстанның тұңғыш өндірістік күн электр станциясын қолданысқа енгізеді

Жамбыл облысының Қордай ауданында 2012 жылдың соңына дейін Қазақстанда тұңғыш рет өндірістік күн электр станциясы қолданысқа беріледі, деді "ЖамбылГидроЭнерго" ЖШС директоры Марат Қынатов.

  • 9 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

«ҚазЭкоВатт» ЖШС биылғы жылдың соңына дейін Отар елді-мекенінде қуаты сағатына 1 МВт болатын күн электр станциясын іске қосады . Электр энергиясының кВт үшін 54 теңгеден астам болуы — әлемдік тәжірибе, Жамбыл облысында бұл кВт үшін 34 теңгедей болады. Бағаның арзандауы мемлекеттік бағдарламаның нәтижесінде қамтамасыз етілді: табысқа салынатын салыққа — 10 жыл, жер мен мүлікке — 5 жыл мораторий, несиелер бойынша проценттік мөлшерлемеге субсидия бөлу, коммуникациялар мен инфрақұрылымдар құрылысын тегін жүргізу белгіленді «, — деп түсіндірді ол бейсенбі күні Таразда өтіп жатқан TARAZ INVEST-2012 халықаралық инвестициялық форум барысында.

Оның пікірінше, Жамбыл облысына 2010-2011 жылдары жиынтықты қуаты 200 МВт болатын энергияның жаңартылмалы көздерінің құрылысы үшін 375 миллион долларға жуық қаржы жұмылдырылған. М.Қынатов сондай-ақ осы тақылеттес нысандар құрылысын жүргізу барысында қолданылатын кейбір құжаттарды қысқарту және жеңілдету қажеттігін ұсынды.
» Энергияның жаңартылмалы көздерінің құрылысын тиімді жүргізу үшін электр энергиясы құнына тұрақты баға белгілеу кезінде ТЭН -ді дайындау міндеттемесін алып тастауды ұсынамын,бұл өте көп уақыт алатын жұмыс.Мәселен,Қарақыстақ ГЭС-і — ТЭН бір жыл бойы дайындалды, оны жеті айда салып бітірді. Сонымен қатар қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағамдаудан бас тарту қажет, жаңартылмалы энергия көздері онсыз да экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталады емес пе.Бұл құжаттарды дайындау да көп уақыт алады,әрі оған инвесторлар көп қаржы жұмсайды.Сондай-ақ кәсіпорындардан энергияны сатып алудың контракт-үлгісін дайындау қажет», деді ол.

Соңғы жаңалықтар