Қазғарыш делегациясы БҰҰ комитетінің кезекті сессиясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазғарыш делегациясы БҰҰ комитетінің кезекті сессиясына қатысады

Қазғарыш делегациясы БҰҰ комитетінің кезекті сессиясына қатысады

Бүгін Венада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетінің (COPUOS) 54-ші сессиясы басталады.

  • 1 Маусым 2011
  • 404
Фото - Caravan.kz

Оның жұмысына Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев бастап барған Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы қатысады.

Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, делегация құрамына Қазғарыштың ведомстволық кәсіпорындарының басшылары — «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының президенті Ғабдуллатиф Мұрзақұлов және «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының президенті Жұмабек Жантаев кіріп отыр.

БҰҰ комитетінің биылғы сессиясы екі бірдей мерейтойға, атап айтқанда, адамзаттың ғарышқа тұңғыш сапарының 50 жылдығына және Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитеттің құрылуының 50 жылдығына арналып отыр.

Қазғарыш басшысы Т.Мұсабаев COPUOS сессиясында құттықтау көз сөйлейді және Қазақстанның ғарыш саласының дамуы туралы баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комитетіне Ұйымға мүше 69 мемлекет кіреді.

Соңғы жаңалықтар