Қазғарыш Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығымен ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазғарыш Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығымен ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды

Қазғарыш Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығымен ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Францияға ресми сапары аясында

  • 6 Қараша 2015
  • 690
Фото - Caravan.kz

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев және  Франция Республикасының Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығының басшысы  Жан-Ив Ле Галль ғарыш бойынша ынтымақтастықты дамыту саласындағы ниеттері жөніндегі декларацияға қол қойды, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметінен.

«Құжатта ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті мен Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық бойынша келесі қадамдары жазылған. Бүгінде француз әріптестерімізбен бірлесіп Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін құру және ғарыш аппараттарын жинақтау-сынау кешенінің құрылысы бойынша екі ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз»,- деді Қазғарыш басшысы біздің агенттік тілшісіне берген шағын сұхбатында.  

Ресми шаралар кезінде Талғат Мұсабаев француз ғарыш компанияларының өкілдерімен ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. Сонымен қатар «Француз индустриясының капитандары» дөңгелек үстеліне қатысты»,- деп атап өтті Қазғарыш баспасөз қызметінде.


Соңғы жаңалықтар