«Қазғарыш» пен «Роскомос» қазақстандық ғарышкердің ХҒС-ға ұшуына байланысты келісімшартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазғарыш» пен «Роскомос» қазақстандық ғарышкердің ХҒС-ға ұшуына байланысты келісімшартқа қол қойды

«Қазғарыш» пен «Роскомос» қазақстандық ғарышкердің ХҒС-ға ұшуына байланысты келісімшартқа қол қойды

Мәскеу түбіндегі Жуковскіде өтіп жатқан «МАКС-2015» халықаралық авиациялық-ғарыш авиафорумында 

  • 27 Тамыз 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz


«Қазғарыш» аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев пен Федералды ғарыш агенттігі басшысының міндетін уақытша атқарушы  Александр Иванов келіссөздер жүргізді. 

Келіссөздер барысында қазақстандық ғарышкер  Айдын Айымбетовтің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ұшуы жөніндегі шартқа қол қойылды.  

Кездесуде Ресей мен Қазақстанның ғарыш саласындағы ынтымақтастығы және Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзара әрекеттестігі сөз болды.  «Ангара» зымыран-тасығыштарын ұшырту үшін «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін пайдалану жайы талқыланды. Осы кешен арқылы   «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру жұмыстарын 2025 жылы аяқтау көзделген.

«Біздің азаматымыз — полковник Айдын Айымбетов халықаралық экипаж құрамында ғарышқа ұшуы үшін тиісті келісімшартқа қол қойдық», — деді қазақстандық агенттік басшысы. «Біз «Байқоңыр» кешенін алдағы уақытта бірлесіп пайдалану мәселесін,  «Байқоңыр» кешенінде зымыран-ғарыш кешенін құру жобасын  талқылап жатырмыз», — деп қосты Т.Мұсабаев.
«Бұдан кейін келесі бағдарламаларды да қарастырамыз деп ойлаймын. Бүгін біздің болашақтағы ынтымақтастығымыздың, өзара әрекеттестігіміздің перспективаларын сөз еттік», — деді А.Иванов.
«Қазақстан ғарыш саласындағы біздің стратегиялық серіктесіміз болғандықтан бұл өте маңызды. Бұл бағытта ынтымақтастығымыз кеңейеді деп үміттенемін», — деп атап өтті «Роскосмос» корпорациясының басшысы.

Соңғы жаңалықтар