Қазғарыш пен Роскосмос «Қазсат-3» ғарыш спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды
![]() |
Ле Буржеде өтіп жатқан 49-шы авиағарыш салонының аясында Қазақстанның республикалық ғарыш байланысы орталығы мен Ресейдің Решетнев атындағы Ақпараттық спутник жүйесі» компаниясы қазақстандық «Қазсат-3» спутнигін жасау және ұшыру туралы келісімшартқа қол қойды. |
Қол қою рәсімі Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің жетекшісі Владимир Поповкиннің қатысуымен өтті.
Талғат Мұсабаев өз сөзінде, Роскосмостың жаңа басшысымен бірінші кездесу табыс өткенін атап көрсетті.
Ұлттық ғарыш агенттігі делегациясы сапар аясында Германия ғарыш агенттігінің өкілдерімен кездесулер өткізді, Франция ғарыш агенттігі мамандарымен келіссөздер өткізді.
Қазғарыш басшысының айтуынша, Ле Бурже авиағарыш салонына қатысу - әлемдік авиация мен космонавтика саласының жаңа жетістіктерімен танысу ғана емес, сонымен бірге барлық әріптестерімен кездесу және жаңа жоспарлар белгілеу.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін