Қол қою рәсімі Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің жетекшісі Владимир Поповкиннің қатысуымен өтті.
Талғат Мұсабаев өз сөзінде, Роскосмостың жаңа басшысымен бірінші кездесу табыс өткенін атап көрсетті.
Ұлттық ғарыш агенттігі делегациясы сапар аясында Германия ғарыш агенттігінің өкілдерімен кездесулер өткізді, Франция ғарыш агенттігі мамандарымен келіссөздер өткізді.
Қазғарыш басшысының айтуынша, Ле Бурже авиағарыш салонына қатысу - әлемдік авиация мен космонавтика саласының жаңа жетістіктерімен танысу ғана емес, сонымен бірге барлық әріптестерімен кездесу және жаңа жоспарлар белгілеу.