Қазгидромет: 9 шілдеде жауын жауады, республиканың оңтүстігі мен шығысы жауын-шашынсыз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: 9 шілдеде жауын жауады, республиканың оңтүстігі мен шығысы жауын-шашынсыз

Қазгидромет: 9 шілдеде жауын жауады, республиканың оңтүстігі мен шығысы жауын-шашынсыз

Қазақстанның көптеген аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты аздаған жауын-шашын жауып, күн күркірейді.

  • 8 Шiлде 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Республиканың оңтүстігі мен шығысы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометтің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күн қатты ысиды, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде де күн ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының солтүстігінде күн өте қатты ысып, өрт қаупі болады.

Алдағы үш күнде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды, деп хабарлайды ауа райын болжаушылар.

Соңғы жаңалықтар