«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Тұман мен көктайғақ қараша айында жиі болатын метеорологиялық құбылыс. 7-9 қараша аралығында республикамыздың басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ болады. Жауын-шашын, солтүстік аумақтарда қар жауады, кей жерлерде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы нормаға жақын, ал батыс пен оңтүстікте 2-5ºС жоғары болады», — деп жазылған хабарламада.