Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстік циклон Каспий теңізінің үстімен солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашынның, желдің күшеюіне ықпал етеді. Сондай-ақ, солтүстікте боран, оңтүстікте көктайғақ болады. Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, соған қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының түнде 22…30℃ дейін төмендейді.