«Қазгидромет» бірқатар өңірлерде ауа райы күрт суытатынын ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазгидромет» бірқатар өңірлерде ауа райы күрт суытатынын ескертті

«Қазгидромет» бірқатар өңірлерде ауа райы күрт суытатынын ескертті

«Қазгидромет» бірқатар өңірлерде күн күрт суытатынын ескертті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті.

  • 3 Қазан 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

3 қазанда және 4 қазанда түнде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 4 қазанда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын шашын болып (жаңбырдың соңы қарға айналады), батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Астана қаласында 3-4 қазан күндері жауын-шашынды болып (жаңбыр, қар), батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

4  қазанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, 4-5 қазан күндері Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбырдың соңы жабысқақ қарға айналуы) болып, батыстан күші 17-22 м/с болатын жел тұрады, ауаның температурасы түнде 0-3 градусқа дейін суытып, күндіз 7-12 градус жылы болады.

4-5 қазанда Қызылорда облысында ауаның температурасы төмендеп,  түнде кей жерлерде 0-3 градусқа дейін суытады.