Қазгидромет: бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, ұйытқыма желдер күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, ұйытқыма желдер күтілуде

Қазгидромет: бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, ұйытқыма желдер күтілуде

Бейсенбі күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты фронтальды бөліктердің ықпалында болатындықтан, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 9 Маусым 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 метр/сек болады, ауа температурасы +25+27 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, түнде аздап жауын жауады, күн күркірейді, 2-7 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +30+32 градус.

Метеоқызметтің мәліметтеріне сәйкес, солтүстікте Қостанай облысында ғана күн ашық болады, ауа температурасы +23+28 градус. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 метр/сек жетеді, СКО-да түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +26+31; +22+27 және +28+33 градус.

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 метр/сек жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше +28+33 және +27+32 градус.

Республиканың оңтүстігінде Алматы және Қызылорда облыстарында жауын-шашынсыз, түнде 15-20 метр/сек жел тұрады, ауа температурасы +28+33 және +30+35 градус. Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы сәйкесінше, +30+35 және +29+34 градус.

Қазақстанның батысында барлық облыстарда жауын-шашынды. Маңғыстау облысында аздап жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +25+30 градус. Атырау және Ақтөбе облыстарында аздап күн күркірейді, жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше, +26+31 және +20+25 градус. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, ауа температурасы +18+23 градус.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өрт туындау қаупі жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар