Қазгидромет: бүгін СҚО-да жел тұрып, бұршақ жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: бүгін СҚО-да жел тұрып, бұршақ жауады

Қазгидромет: бүгін СҚО-да жел тұрып, бұршақ жауады

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағына циклон ықпал етіп, сондықтан мұнда кей жерлерінде найзағайлатып, жауын жауып, екпіндетіп жел соғып, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 8 Маусым 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні Астанада ала бұлтты, күндіз өтпелі жауын жауады, найзағайлатып, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +29+31 градус болады.

Алматыда ала бұлтты, өтпелі жжауын жауып, 2-7 м/с самал соғып, ауа температурасы +31+33 градус болды.

Қазақстанның солтүстік аумағында барлық облыстарында жауын-шашын болады деп күтілуде. Ақмола, Павлодар, Қостанай облысында кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы, тиісінше, +27+32, 26+31, және +23+28 градус болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +22+27 градус болады.

Қарағанды облысында найзағайлатып, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы тиісінше +24+29 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында да сондай ауа райы сақталып, кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +27+32 градус болады.

Қазақстанның оңтүстігінде тек Жамбыл облысында күн ашық, +30+35 градус болады. деп күтілуде. Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауа темпертаруасы +28+33 градус, Қызылорда облысында +27+31 градус болады.

Республиканың батысында барлық облыстарында күн күркіреп, найзағайлатып жауын жауады деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы +18+23, +20+25 және +22+27 градус болады. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде тұман түсіп, ауа температурасы +24+29 градус болады.

Метеоқызметтің хабарлауынша, республиканың батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жақын күндері Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар