22-24- қыркүйекте Батыс Қазақстан, 23-24 -қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, 24-қыркүйекте түнде Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауаның температурасы кей жерлерде 0-2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.