Қазгидромет: маусымдағы дауыл жел мен найзағай Алматыда үшін тән емес - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет: маусымдағы дауыл жел мен найзағай Алматыда үшін тән емес

Қазгидромет: маусымдағы дауыл жел мен найзағай Алматыда үшін тән емес

Маусымдағы дауыл жел мен найзағай Алматы үшін тән емес, деп мәлім етті «Қазгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Баян Сазанова.

  • 27 Маусым 2011
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Алматы аймағы мен Алматыда бұршақ пен жаңбыр жауады, бұл таулы аймақ, бұлттану күшейеді, осыған байланысты көп ылғал түсуі мүмкін. Бұл жалпы Алматы өңірі үшін тән. Бірақ мұндай ауа райы (бұршақ аралас жаңбыр мен қатты жел — ҚазТАГ) маусым айына тән емес. Қазір барлық процестер көктемдегідей», — деді Б. Сазанова дүйсенбі күні агенттік тілшісіне.

Оның ақпаратына сәйкес, дүйсенбі күні Алматыдағы жел мен бұршаққа «белгілі бір ауа райы жағдайлары себеп болды».

«Циклондар республиканың оңтүстігіне қарай ығысуды және олармен байланысты атмосфералық фронттар түзіледі», — деді ол.

Б. Сазанова 27 маусымға Қазақстандағы ауа райы болжамын «Қазгидромет» РМК сайтына қысқа мерзімді болжау бөлімі жариялағанын түсіндірді.

«Егер желдің күші секундына 15 метрден асса, біз ескерту таратамыз, Алматыда бүгінге секундына 11 метр болжанды. Мысалы, Ақтөбе үшін біздің сайтымызда ескерту бар», — деді гидрометеоорталықтың басшысы.

«Айтпақшы кеше, Ақмола облысында 10 мм бұршақ жауды, Алматыда бүгін 8 мм бұршақ түсті. Күннің бірінші жартысында Қазақстанның аумағында тұрақсыз ауа райы болжанып отыр: жауын-шашын, бұршақ, жел. Жазғы ауа райы шілденің ортасында орнығады», — деді Б. Сазанова.