Жарияланды: 480

Қазгидромет: Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, кей жерлерінде бұршақ жауады

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады да, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың батысында жауын жаумайды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бейсенбі күні Астанада ала бұлтты, кейде жауын жауады, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с болып, ауа температурасы +16+18 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып, өтпелі жауын жауады, солтүстіктен 2-7 м/с жел соғады, екпіні 9-14 м/с, екпіні 15 м/с болады, ауа температурасы +30+32 градус болады. Синоптиктердің мәліметтерінше, Солтүстік Қазақстан облысында нөсерлетіп, жауын жауып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы тиісінше +15+20 градлус болады, Ақмола облысында күшті жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +15+22°С, Қостанай облысында жауын жауады, Павлодар облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше 15+20 және +20+25 градус болады. Қарағанды облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, күндіз ауа температурасы +17+22 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы +32+37 градус болады. Республиканың оңтүстігінде Қызылорда облысында ғаена күн ашық болады, ауа температурасы +23+28 градус болады. Алматы облысында күн күркіреп, жауынды болады, шаңдатып, 15-22 м/с жел соғып, екпіні 25 м/с болып, ауа температурасы +28+33 градус болады. Кей жерлерінде желдің жылдамдығы 25 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында да өтпелі жауын жауады, 15-22 м/с жел соғады, ауа температурасы сәйкесінше, +29+34 және +28+33 градус болады. Қазақстанның батысында тек Батыс Қазақстан облысында күн ашық болады. Онда 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы +24+29 градус. Атырау облысында да күн күркіреп, өтпелі жауын жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-22 м/с, ауа температурасы +26+31 градус болады. Маңғыстау облысында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, кей жерлерінде 15-22 м/с жел соғып, шаңдатып боран соғып, ауа температурасы +28+33 градус болады. Ақтөбе облысында да күшті жауын жауып, кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ауа температурасы +22+27 градус. Синоптиктердің хабарлауынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында ыстық болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Алдағы тәуліктерде күшті жауын жауады деп күтілуіне байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде жауыннан су тасып, жекелеген жерлерде сел жүруі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның басқа өзен-көлдерінде елеулі өзгерістер болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін