"Қызылорда облысында алдағы күндері ауа температурасы 75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", — деді Қазгидромет жетекші инженер-синоптигі Жұлдыз Исабекова.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында аптап ыстық болып, ауа температурасы 40-45 градус шамасында болады.
Жалпы, еліміздің оңтүстігінде алдағы мереке және демалыс күндері 40 градустан жоғары температура сақталады.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 5-10 шілде аралығында ауа температурасы 60-75 градусқа дейін көтеріледі деген ақпарат тарады. Облыс тұрғындарына бүгін осындай хабарлама келген.