Жарияланды: 720

Қазгидромет: республиканың батысы мен оңтүстігінде күн күркіреп, жауын жауады

Бейсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысы мен ораталық Қазақстанда антициклон ықпал етуінен мұнда жауын-шашынсыз болады. Республиканың батысы мен оңтүстік облыстары арқылы атмосфералық тұтас ағым ығысып, сонымен байланысты күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, екпіндетіп жел соғады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Бейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады, ауа температурасы +25+27 градус болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 11 м/с болады, ауа температурасы +30+32 градус болады. Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде тек Қостанай облысында аздап нөсерлеткен жауын жауып, күн күркіреген кезде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, ауа температурасы +24+29 градус болады. Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +22+27 градус, Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашынсыз, ауа темпертаруасы сәйкесінше, +23+28 және +20+25 градус болады. Қарағанды облысында жауын-шашын күтілмейді, күндіз ауа температурасы +22+27 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында аздап жауын жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +26+31 градус болады. Республиканың оңтүстігінде күн күркіреп, жауынды болады. Алматы, Жамбыл облысында аздап жауын жауып, күн күркіреп, кей жерлеріндегі желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, ауа температурасы +27+32 градус болады. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күн күркіреп, аздап жауын жауып, ауа температурасы +30+35 градус болады. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы +32+37 градус болады. Қазақстанның батысында Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күн күркіреп, аздап жауын жауады, 15-20 м/с жел тұрады, жағалауда түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +27+32 және +25+30 градус, Атырау облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, жел 15-20 м/с-қа дейі күшейеді, ауа температурасы сәйкесінше, +30+35 және +25+30 градус болады. Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында өрт туындау қаупі өте жоғары болады. Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін